Шымкент: Тұрғындардың өтініші қаралып айыпталушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласының қала құрылысын бақылау басқармасына осы жылдың 18 мамырында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Төреқұлов көшесі, №204 үй тұрғындарынан өтініш түскен. Бұл ретте шағым иелері аталған үйдің тұрғыны заңсыз құрылыс жүргізіп жатқанын айтып, «пәтердегі жөндеу жұмысы бүтін бір үйді бүлдіруі мүмкін» деп мәселе көтерген болатын. Осы өтініш негізінде ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасына тексеру тағайындау актісі тіркелді.

Басқарма тарапынан сұраныс хаттар жолданып, нәтижесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Төреқұлов көшесі, №204 үй, №5 пәтердің меншік иесі анықталды. Ол 2019 жылдың 24 қарашасындағы №117264 сатып алу-сату келісім шарты негізінде тиесілі екендігі анықталды. Ал жоғарыда көрсетілген пәтерге Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметіне сәйкес реконструкциялауға сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) әзірленбеген.

Қазақстан Республикасы «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзғаны үшін меншік иесіне құрылыс-монтаж жұмыстарың жобалау (жұмыс жобасы) құжаттамасыз, жұмыс жобасына оң сараптамалық қорытындысыз және техникалық, авторлық қадағалаушыларсыз жүргізгені үшін а.ж. 10 маусымында Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 316 бабының 1-бөлігі және 321 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды.

Сонымен қатар, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама ұсынбағаны үшін а.ж. 10 маусымында Кодекстің 463 бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, негізінен қарау үшін а.ж. 11 маусымында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Бұдан бөлек, Заңның 68 бабының талаптарына сәйкес құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды орындау және заң бұзушылықтарды жоюға нұсқама енгізілді.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*