БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҰЖЫМЫ ҚАЗБЕК БИ КӨШЕСІ БОЙЫНА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін 16 -қараша  Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл шарада қалалық білім басқармасы ұжымы белсенділік танытып, қаланың үлкен көшелерінің бірі – Қазыбек би көшесінде ауқымды тазалық жұмыстарын жүргізді. Басқарма қызметкерлері мен педагогтар көше бойындағы қоқыстарды жинап, қалдықтарды арнайы орындарға шығарып, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты.

Қалалық білім басқармасының ұжымы экологиялық бастамаларға тұрақты түрде атсалысып келеді. Олар әр сенбілікке кезекпен шығып, қала тазалығы мен абаттандыру жұмыстарында үлгі көрсетуде. Бұл жолы да басқарма басшылығынан бастап, қызметкерлері мен педагогтар бірлесе жұмыс істеп, тұрғындарды ортақ іске жұмылдырды. Тазалық акциясына көп қабатты үйлердің тұрғындары да қолдау білдіріп, өз аулаларын ретке келтіріп, жапырақтарды жинады. Осындай ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазыбек би көшесі көркейіп, тазалықтан көз тоятындай жағдайға жетті.

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы бүгінде жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Еліміздің барлық аймағында жалғасын тапқан бұл бастама Шымкент қаласында да жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдары осы шараға белсене қатысып, өңір тұрғындарымен бірлесе жұмыс атқаруда.

Тазалық жұмыстары тек көше бойында ғана емес, білім ұяларының аулаларында да жүргізілді. Мектептердің маңындағы көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, жасыл желектерге күтім жасалды. Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоршаған ортаны сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауын насихаттау.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен, қала әкімі Ғабит Әбдімәжитұлының нақты қадағалауымен өтіп жатқан ауқымды акцияның нәтижесі көзге көрінеді. Әр аудан, басқармалар және оған қарасты мекемелер де үлестерін қосып келеді. Қала көшелері тазаланып, жан-жағы көгалдандырылып, шырайлы қаланың шырайы одан сайын кіре түскендей.
Қала педагогтары бұл жолы сенбілікке ұл-қызын ерте келген. себебі, бүгінгі өтіп жатқан шаралар келер ұрпаққа қалыптасып, бойына тазалық мәдениетін қалыптастыруға себепші. Олар білім беру мекемелерінің ауласын тазартып қана қоймай, оқушылар мен тұрғындарға тазалықтың маңыздылығын түсіндіріп, өздерінің азаматтық жауапкершіліктерін көрсетті. Бұл шара тек тазалықты сақтауға емес, экология мәселесіне қоғамның назарын аударуға бағытталған. Мұғалімдердің айтуынша, мұндай акциялар жас ұрпаққа үлгі болып, табиғатты қорғау мәдениетін дамытады.

Қазіргі уақытта «Таза Қазақстан» акциясы тек бір реттік шара емес, ол ұзақмерзімді экологиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Қалалық білім басқармасы мен оған қарасты ұйымдардың бұл бастамаға белсене қатысуы Шымкент қаласының тазалығы мен экологиясын жақсартуға елеулі үлес қосып отыр. Қазыбек би көшесінде жүргізілген жұмыстар осының айқын дәлелі.

Басқарма қызметкерлерінің айтуынша, мұндай іс-шаралар қоғамды біріктіріп қана қоймай, тұрғындардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге, экологиялық жауапкершілікті арттыруға септігін тигізеді. «Таза қала – ортақ міндет» ұранымен ұйымдастырылған бұл сенбілік тұрғындар арасында да кең қолдау тауып, өз нәтижесін көрсетті.

Шымкент қаласында өткізілген кезекті сенбілік қоршаған ортаны қорғау жолындағы тағы бір маңызды қадам болды. Қалалық білім басқармасы ұжымы мен педагогтардың белсенділігі мен жауапкершілігі экологиялық мәдениетті қалыптастыруда үлкен рөл атқаруда. Алдағы уақытта да мұндай шаралар жалғасын тауып, қала тазалығы мен экологиясын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың негізі болмақ.

«Таза Қазақстан» акциясы арқылы әрбір тұрғын қоршаған ортаға деген қамқорлықтың маңыздылығын түсініп, табиғатты қорғауға атсалысады. Бұл бастама тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан игі іс екені анық.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*