Қауіпсіз әрі таза қала — қашанда болмасын қонақтарды баурап алады. Барлық адам жан дүниесінің тыныштығы мен эстетикалық күйді қалайтыны белгілі. Мұндай жағымды әсерді тазалық пен қауіпсіздік беретіні айдан анық. Туристердің де іздегені осы. Қауіпсіз әрі таза қала – Түркістан.
Қаланың таза, әдемі әрі жасыл желекке оранып тұруы әрбір адамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығын қажет етеді. Соңғы жылдары шаһардың ауқымы кеңейіп, күн санап қарыштап дамуда. Сондықтан тазалық мәселесі алдыңғы орында.
Ауланы ретке келтіріп, ұқыпты ұстау санитарлық талап қана емес, мәдениет пен талғамның белгісі. Содан болар, көктем, күз мезгілдерінде қала тұрғындары сенбілікке шығуды дәстүрге айналдырған. Олар қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосуда.
«Таза Қазақстан» жобасы аясында жалпықалалық сенбілікке мыңнан астам тұрғын қатысты.
Әр сенбі дәстүрге айналған шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер қауымы, маслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер, әртүрлі ұйым белсенділері, коммуналдық сала қызметкерлері, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері және белсенді жастар қатысты.
Бекітілген кестеге сай барлық қатысушылар жұмыс орындарының айналасын, шағынаударындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңшасы аумағын және ирригациялық арық жүйелерін қоқыстан тазартып, көшеттер отырғызды. Қаланың сырт аймақтарын да ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлік нысандарының заңсыз жарнамалары алынып, ағаш түптері әктелді.
Қалада тазалық жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында 875 көшеге 2 мердігер мекеме — «Түркістан-Жарық тазалық» ЖШС, «Жасыл қала – Grenn city» ЖШС қызмет көрсетеді.
Акция барысында апта сайын қаланың 2 мыңға жуық тұрғыны үйлері мен аулаларының алдында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер мен ведомстволардың қатысуымен 65-тен аса сенбілік өткізілді.
Тазалық жұмыстарымен қатар, ағаш отырғызу жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Биыл көктем айларында «Жасыл Түркістан» КММ, «SK geokart» ЖШС және коммуналдық мекемелердің күшімен 106 943 түп ағаш көшеттері отырғызылып, жылдың күз мезгілінде 41 398 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
Ал бүгін «Таза Қазақстан» сенбілік акциясы аясында қаланың 6 аумағында 5000 түп ағаш — алма, алмұрт, жиде, ива, акация, айлант, қараағаш көшеттері отырғызылды.
Жалпы қаламызда 620 көгалды аймақ, 32 саябақ, аллея бар.
Қала тұрғындарынан өз аулаларыңызды таза ұстап, қалаға жанашырлықпен қарауларыңызды сұраймыз.
Шымкент қаласының экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл шаралар қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін дамытуға және жас ұрпақтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. […]
«Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі» 2024 жылы 10 жылдық мерейтойын атаулы түрде атап өтті. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат […]
Облыс орталығында «Отбасылық демалыс- бақытты болашаққа инвестиция» отбасылық сайысы өтті. Жарыс Отбасы күніне орай ұйымдастырылды. №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен ойында түркістандық 4 отбасы жарысты. Олар өздерінің отбасын ерекше таныстыру өткізу рәсімі мен […]
Пікір қалдыру