Шымкент: Төтенше жағдай департаментінің 9 қызметкері марапатталды

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы күні бүгінге дейін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына белсенді қатысып, абыроймен міндеттерін атқарып келуде.
Осыған орай Шымкент қаласы мамандандырылған жасақтың алаңында қызметтік міндеттерін адал атқарып, қызметте үлкен жетістіктерге жеткені үшін 9 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 2020 жылғы жас түлектері онлайн-режимде оқуды бітіріп, алғашқы арнаулы атақтарын да алды. Марапатау рәсімінде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербисов сөз сөйлеп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бірінші кезекте өз міндеттерін абыроймен атқаратындығын айтты.Олардың жұмысын бағалап, ҚР ІІМ ТЖ комитеті тарапынан «Алғыс хаттар» мен «Грамоталар» табысталды. Шымкент қаласы төтеншежағдайлар департаментінің бастығы Н.Дербісов марапатталған қызметкерлерге алдағы жұмыстарына сәттілік, үлкен шыңдарды бағындырып, өз қызметіне адал болуды тіледі. Төзімділік пен табандылық, ерік пен жігерді қажет ететін қызметте қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге алдағы уақытта да жемісті жұмыс тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*