Шымкенттік кәсіпкерлер короновируспен күреске 100 млн теңгеден астам қаржы бөлген

Шымкенттік кәсіпкерлер короновируспен күреске 100 млн теңгеден астам қаржы бөлді. Қаланың қалталы азаматтары індетті жеңу үшін қаржыны » Шымкент-қайырымды қала» қоры арқылы аударған. Бұл туралы қор директоры Дәуренбек Құрбаниязов айтты. Оның айтуынша, бұл қаржыға 5 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты алынған. Құралдардың төртеуі жаңа жұқпалы ауруханаға, біреуі кардиологиялық орталыққа орнатылған. Бүгінде осы мақсатқа жұмсалған қаржы көлемі 90 млн теңгені құрайды.​ Сонымен қатар, қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған дәрігерлердің отбасына да​ «Шымкент қайырымды қала» қоры тарапынан қаржылай қолдау көрсетілді. «Күні бүгінге дейін қордың көмегімен қосымша ашылған провизорлық орталықтардағы төсек-орынға арналған 30 кереует пен 2400 литр минералды су алынған. Алдағы аптада 10 мың бетперде мен 1000 дана медициналық киім тарату жоспарланып отыр.
Айта кетсек, «Шымкент – қайырымды қала»​ қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік, мәдени, ғылыми, спорттық, білім беру мақсаттарына қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар басқа да әлеуметтік пайдалы мәселелер. Бұл қор коронавирустық инфекциямен күресте үлкен әлеуметтік көмек көрсетіп келеді,»- деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*