Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.
Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ, олар:
1.Жұқпалы аурулар ауруханасы;
2.«Атамекен» медициналық орталығы;
3.«Мейірім» оңалту орталығы;
4.№2 қалалық ауруханасы (Медикус);
5.Психикалық сауықтыру орталығы;
6.«Жаңаталап» шағынауданы;
7.«Самал-1» шағынауданы, Тайманов көшесі 14 үй;
8.Мақталы 120 үй;
9.Желтоқсан 3а үй;
10.8 шағынаудан, 53 үй;
11.Төреқұлов көшесі 204 үй;
12.«Солтүстік-батыс» шағынауданы (Ұшқиян 644);
13.«Асар-2» шағынауданы Шаттық-74;
14.«Қайтпас-1» шағынауданы, Алтай көшесі 15 үй;
15.Сайрам ауылы Әл-Фараби көшесі 25 үй;
16. «Сәуле» шағынауданы, Жастар, Бәйдібек ата, Ғ. Мұратбаев, Баянауыл, Көктөбе көшелері.
Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.
Бүгінде коронавирус инфекциясының қаупі басылмай отыр. Сондықтан індеттің алдын алу барысындағы негізгі талаптарды білу мақсатында Шымкент қаласы ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Машировтың пікірін білдік. Маманның айтуынша, ең алдымен бетперде тағу режимі басты назарда […]
Қаламыздың жанашыр тұрғындары “Мұз сарайының” тағдырына алаңдаулы. Себебі, бұл мегаполистегі қысқы спорт түріне бағытталған жалғыз орын. Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан халық игілігі үшін бірқатар нысанды мемлекет меншігіне қайтаруда кешенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың қатарында “Мұз […]
Елімізде төтенше жағдай жарияланған күннен бастап қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен бірінші кезекте азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесі жіті бақылауға алынды. Бұл мақсатқа қажетті қаржы бөлінді. Мемлекет бекітіп берген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты […]
Пікір қалдыру