Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15 сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек.
Айта кету керек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. Сондай-ақ, олардың арасынан аса мұқтаж отбасылар іріктеліп, арнайы тізімге енгізілген.
Бүгінгі таңда «Birgemiz-Shymkent» қоры арқылы тізімге алынған отбасылардың есепшотына тиісті қаражат толықтай аударылған.
Еске салсақ, Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорына еліміздегі ірі кәсіпкерлер, ауқатты азаматтар, жетекші компаниялар қолдау білдіруде. Қордың басты мақсаты — СOVID-2019 індетіне қарсы күресті күшейту, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек беру.
Шымкент қаласында 4,9 миллиард теңгенің ауылшаруашылық өнімдері өндірілді. Биылғы жылдың үш айында жалпы ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 4,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107,7 пайызды құрады. Атап атар болсақ, мал шаруашылығы 8,9 %, ет өнімі […]
Первому Президенту Республики Казахстан- Лидеру нации Н.А.Назарбаеву Глубоко уважаемый Нурсултан Абишевич! Позвольте поздравить Вас с Днем единства народа Казахстана – праздником, ставший замечательной традицией нашего единого народа, символом мира и согласия. За короткий, по историческим […]
Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істер басқармасы мен ҚР Журналистер Одағының қалалық филиалының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай БАҚ өкілдері арасында спартакиада өтті — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. […]
Пікір қалдыру