Эпидемиялық жағдайға орай қабылданған карантиндік шара кезінде халықтың бір жерге көп шоғырланбауы өте маңызды. Осы санитарлық талаптарды орындау мақсатында қаламыздағы екінші деңгейлі бірнеше банк бүкіл қызметтерді онлайн-режимге көшірді. Бұл туралы ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша басқарма басшысы Абылғазы Қайназаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет тағайындаған 42500 теңгені алуға өтініш беру үшін банктерге барудың қажеті жоқ. Қызметтердің барлығы онлайн жүйесінде көрсетіледі. Қазір үйде отырып шот ашуға мүмкіндік қарастырылған. Тіпті шот бұғатталып қалса да жәрдемақыға арнайы шот аштыруға болады.
Цифрлық жүйенің арқасында енді мобильді қосымша арқылы банктік картаға үйден тапсырыс беріп, оны кейін карантин біткен соң банктің кез келген бөлімшесінен барып алуға мүмкіндік бар.
«Kaspi bank-тің» бөлім басшысы Айнұр Төлетаеваның мәлімдеуінше, карантин кезінде адамдар банктің мобильді қосымшасымен шот ашып, оны «E-gov» электронды үкімет порталына тіркеп, ал картаның өзін карантиндік режим аяқталған соң жеке куәлікпен банк бөлімшелеріне орнатылған картоматтар арқылы бір минут ішінде шығарып ала алады. Сондай-ақ шоттағы ақшаны карта болмаған жағдайда QR-код бойынша шешіп алады.
Брифингте «Home credit Bank» Шымкент қаласы бойынша филиалының сату және бөлшек несие беру бағыты бөлімінің басшысы Еркебұлан Сауранбаев картаны банктің мобильді қосымшасы, сайты және 7979 ақпараттық орталығына қоңырау шалып, рәсімдеуге болатынын айтты. Карта дайын болған соң банк қызметкерлері оны клиенттердің үйіне өздері апарып беретінін баяндады.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы А.Қайназаров өз сөзінде бүгінгі таңда қаладағы банкоматтар үздіксіз дезинфекцияланып жатқанын, ол жайындағы мәліметтер күнделікті агенттік тарапынан бақыланып отырғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта қаладағы төрт қаржы институтының филиалдары «Kaspi bank», «Home credit Bank», «Халық банкі» және «Банк Центр Кредит» қызметтерін толықтай онлайн жүйеге көшірді.
Спорт пен салауатты өмір салты – жастардың бойындағы сергектік пен жігерді шыңдайтын, ел болашағының жарқын кепілі. Әсіресе бүгінгі таңда жастардың белсенді өмірге, спортқа және бірлікке ұмтылысын арттыру қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі болып отыр. Осы […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары кен өндіру саласындағы стратегиялық келіссөздердан басталды. Кездесу барысында ол канадалық Cameco компаниясының басшысымен уран өндірісі мен өңдеу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Тоқаев Cameco компаниясын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының […]
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаевтың қатысуымен Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде Н.Қабыштаев өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау бүгін 7 шілдеде […]
Пікір қалдыру