Шымкент: Кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңес сайлауына құжат тапсыру басталды

 

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаевтың қатысуымен Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау бойынша брифинг өтті.

Баспасөз мәжілісінде Н.Қабыштаев өңірлік кеңеске кандидаттардан өтініш қабылдау бүгін 7 шілдеде басталғанын жеткізіп, оған қоса аталған кеңестің рөлі туралы сөз қозғады.

– «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында өңірлік кеңес деген орган бар. Ол – әр өңірдің кәсіпкерлік ахуалын бақылап, кәсіпкерлік палатасының мәселелерін көтеретін мекеме. Біздің өңірлік кеңесте 30 кәсіпкер бар еді. Оның құрамын тарқатқанбыз. Осыған орай сайлау өтпек. Бүгіннен бастап 15 шілдеге дейін құжаттар қабылданады. Кандидаттар 16–19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді (қаржы бөлінбеген), ал дауыс беру онлайн режимде 20–22 шілде аралығында өтеді. Жаңа өңірлік кеңестің құрамы 3 тамыз күні жарияланады. Бұл кеңестің рөлі өте маңызды. Кеңес мүшелері өз мәселелерін көтерумен қатар, билік пен бизнес арасындағы алтын көпір рөлін атқарады. Яғни, бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты шектеу шаралары кезінде дүниежүзілік тәжірибеге сүйеніп, екі тарапқа да зияны тимейтін шешімдер мен антикризисті жолдарды табуымыз керек. Бизнес жұмыс істесе, ол – қосымша салық, қосымша жалақы, ал жұмыс орны – әлеуметтік жағдайдың маңызды индикаторы», – деді Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Қазақстан Республикасының азаматы болу;
Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
Өңірде жария тұлға болу;
Кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
Бизнесінің тарихы оң болуы;
Әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
Облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.

Айта кетейік, құжаттарды офлайн нысанда Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасына (Шымкент қ., «Солтүстік-Шығыс» ы/а, Ерімбетов көшесі, 304 Г, «Заңғар» бизнес орталығы, 2-қабат) немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жібере алады. Сондай-ақ 1432 Call-орталығынан алуға болады. Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының байланыс телефондары: 8 /7252/ 39-49-77, 8 707 107 00 13.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*