Түркістан облысының «Шаттық» би тобы республикалық байқауға қатысып, жеңімпаз атанды. Би өнерінің білгірлері қазылық еткен бұл байқауға еліміздің түкпір түкпірінен шын жүйріктер жиналды. Түркістан облысының намысын жетісайлық өнерпаздар қорғап, жүлдені қанжығаларына байлап қайтты.
Республикалық хореографиялық «Ақ шағала» фестивалі өз мәресіне жетті. Аталған би байқауы еліміздің мәдениет саласындағы айтулы шаралардың бірі болып есептеледі. Фестивалді өткізудегі негізгі мақсат – оқушылардың хореографиялық дамуына үлес қосу, шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау және балалардың бойына мәдени құндылықтарды сіңіру болып табылады. Би конкурсына еліміздегі аймақтардан 153 оқушы қатысып, бақтарын сынаған. Түркістан облысының намысын Жетісай ауданы, Т.Рысқұлов № 20 жалпы-орта мектебінің «Шаттық» би ұжымы қорғады. Байқауда «Шаттық» би тобы «Кесе», «Кадриль» билерін сахналап, жүлделі I орынға ие болып отыр. Би ұжымының жетекшісі Кенжехан Сапархалұлының айтуынша бұл олардың алғаш қатысып отырған байқауы емес. Жеңімпаз би ұжымы бұрын да түрлі байқауға қатысып, жүлделі орындар алып үлгерген.
Пікір қалдыру