ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ ҚАРТ СОТТАЛҒАНДАРҒА АРНАП МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

1 қазан -Халықаралық қарттар күнін» мерекелеуге байланысты, Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі  департаментіне қарасты ИЧ-167/9 мекемесінде жазасын өтеп жатқан қарт сотталғандарды құттықтаумен мерекелік іс-шара өткізілді.
ИЧ-167/9 мекемесінде сотталғандар арасында алпыс жастан асқан 23 қарт сотталған қылмыстық жазасын өтеуде екен. Осы сотталғандарға аға буынға құрмет, мейірімділік және төзімділік сезімдерін тәрбиелеу мақсатында, өзгелерге үлгілі тәртіп көрсете білгені үшін мекеме бастығының құзырымен марапаттау шаралары қолданылды.

Мекемеде қылмыстық жазасын өтеп жатқан қарт сотталғандарға «Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің мекемеде жазасын өтеп жатқан жас буын сотталғандарға айтып жүрген ақыл-кеңестеріңіз әрдайым қажет. Еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер, ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалықпаңыздар» – деген мекеме бастығының құттықтау сөздері жеткізілді.

Жоғарыда аталған іс-шараға қатысқан қарт сотталғандар да мекеме әкімшілігіне өз алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын айтты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*