ШЫМКЕНТ: ӘКІМГЕ «IKOMEK 109» АРҚЫЛЫ СҰРАҚ ҚОЮҒА БОЛАДЫ

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тікелей тапсырмасымен ашылған iKomek 109 орталығы жыл басынан бері 24 292 өтініш қабылдаған. Оның 23 415-і орындалып, қанағаттандырылды. Қалған өтініштер мен арыз-шағымдар қаралып жатыр.

iKomek-те тәулік бойы 49 қызметкер жұмыс жасайды.

Келіп түсетін өтініштердің басым бөлігі қоғамдық көлік, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, жол инфраструктурасы, денсаулық сақтау, қатты тұрмыс қалдықтары, ауланы абаттандыру, көше жарығы, қаланы жарықпен қамтамасыз ету және жасыл желек бойынша болған.

Қазіргі таңда орталыққа қала әкімі Мұрат Әйтеновтің 24 ақпан күнгі қала тұрғындары алдындағы онлайн есеп беру кездесуіне қатысты қоңыраулар түсуде.

Әкімге сұрақ қойғаларыңыз келсе, 109 орталығына хабарласыңыз!

Орталыққа хабарласу түрлері:
1. Бірыңғай ТЕГІН 109 нөміріне хабарласу;
2. +7 77 77 109 109 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу;
3. Instagram желісінің @ikomek109.shymkent парақшасында жекеге жазу;
4. Facebook желісінің IKomek Shymkent парақшасында жекеге жазу.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*