ШЫМКЕНТ: БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСТАРЫ ӨТУДЕ

 

Шымкентте Партиядағы есептік сайлау науқаны сайланбалы органдардың өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қалалық партия филиалы саяси кеңес бюросының қауылысына сәйкес бастауыш партия ұйымдарының есептік-сайлау жиналыстары өтіп жатыр.
Жалпы, Шымкент қаласында 34 мыңнан астам партия мүшелерін біріктіретін 49 БПҰ бар.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Енбекші аудандық партия филиалына қарасты «Береке» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.
«Береке» БПҰ-да 943 мүше бар. Санитарлық ахуалға байланысты бастауыш партия ұйымының жиналысы барлық карантиндік шараларды сақтай отырып, аралас форматта өтті.
Жиналыс барысында БПҰ төрайымы, қалалық мәслихат депутаты Рашкүл Оспаналиева «Береке» бастауыш партия ұйымының 2019 — 2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
2019-2020 жылдарда халықтың әлеуметтік экономикалық ахуалын айтарлықтай жақсарта түсетін бірқатар міндеттер мен жұмыстар жасалды.
Мәселен, елімізде болып жатқан түрлі жағдайларға байланысты халыққа қайрымдылық, демеушілік жұмыстары жүргізілді. «Арыс – біз біргеміз» акциясы аясында Арыс тұрғындарының мұқтаждықтары үшін «Түркістан» корпоративті әлеуметтік даму қорына 5 млн. теңге демеушілік жасалды және Шымкенттегі эвакуациялық пункттегі тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетілді.
«Береке» БПҰ атынан «Мектепке жол» акциясы аясында «Корпорация «Береке А» ЖШС ұжымындағы 45 көп балалы отбасындығы мектепке баратын 119 балаға оқу құралдары мен мектеп формасы үшін материалдық көмек берілді.
2020 жылы «Береке» бастауыш партия ұйымының жылдық жоспарына сәйкес, тұрақты түрде бастауыш партия ұйымының жиналыстары өтіп отырды. «Nur Otan» партиясының праймериз кезінде үміткерлермен партия мүшелерінің кездесуін кестеге сәйкес ұйымдастырды. 2021 жылғы мәжіліс және мәслихат сайлауында «Береке» БПҰ-ы кандидаттармен кездесулерге қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге атсалысты.
Сондай-ақ, бастауыш ұйым тарапынан пандемияға байланысты онлайн қабылдаулар өткізілді. Қабылдауда азаматтардың сұрақтары мен мәселелерін жеке-жеке тыңдап, көтерілген мәселелерді шешуге атсалысып отыр.
Партиялық ұйымның есепті кезеңдегі жұмысы бағаланған соң, аудандық филиалының конференциясына делегаттар сайланды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*