ШЫМКЕНТ: «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросында қоғамдық кеңестердің жаңа құрылымын, сондай-ақ тиісті басшылардың кандидатуралары бекітілді
«Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырылуын жүйелі бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында партия филиалы жанында 10 қоғамдық кеңес жұмыс істейтін болады. Әрбір кеңес партия сайлауалды бағдарламасының нақты бір бағытымен айналысады.

• Партиялық бақылау комитеті

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес

• Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» кеңесі

• Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңес

• Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі кеңес

• Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңес

• Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі кеңес

• Өңірлік даму жөніндегі кеңес

• Жастарды қолдау жөніндегі кеңес

• Экологиялық кеңес

Кеңестердің құрамына партиялық тізімдегі резервші, сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері тартылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*