«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Кеңес отырысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қарастырылады:
1. Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының 10 айда атқарылған жұмыс есебі;
2. Жас отбасылардың баспана тапшылығы мәселелерін қарау және шешу жолдары;
3. 2025 жылға дейінгі Жастар – Отанға! жол картасында көрсетілген жалпы индикаторлардың орындалуын саралау.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы, Шымкент қаласы Тұрғын үй басқарма басшысының орынбасары Ордабекова Жұлдызай Сәрсенбекқызы баяндама жасады.
✅ Жиын соңында кеңес мүшелерінің ұсыныс, сұрақтары тыңдалып келесідей тапсырмалар берілді.
1. Жас отбасыларға арналған «Қолжетімді баспана» бағдарламаларына ұсынымдар жинақталсын;
2. Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы тарапынан еңбек сақтау заңнамасының бұзылу фактілерін төмендету бойынша арнайы ұсынымдар жинақталсын;
3. 2025 жылға дейінгі Жастар – Отанға! жол картасында көрсетілген жалпы индикатордың орындалуын кеңес мүшелерімен қатаң бақылауға алынсын;
4. Қаланың даму тұжырымдамасына талдама жасап, жол картасындағы белгіленген бағыттар бойынша тоқсан сайын көшпелі мәжілістер ұйымдастырылсын;
5. Шымкент қалалық мәслихатына жастардың өзекті мәселелері бойынша тоқсан сайын ұсынымдар әзірленсін;
6. Жол картасын орындауда салғырттық танытқан партия мүшелерін (орын алған жағдайда ) партиялық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізілсін.
Пікір қалдыру