Бүкілхалықтық дауыс беру нені өзгертеді?

Президентіміз наурыз айын­дағы Жолдауында еліміздің сая­си жүйесіне ауыз толтырып айтарлық ауқымды өзгерістер жасайтынын мәлімдеген болатын. Тәуелсіздік тарихындағы ең күрделі сыннан аман өтіп, да­уылды еңсергендегі тыныштықтан соң бұл Жолдаудың жолы да, жөні де басқаша болатынына елі сеніммен қарап, үмітпен күткен еді. Алқалы жиында алаш жұрты арманы орындалардай ауқымды бастамалардың куәгері болды. Соның ең бастысы – Ата Заңымызға енетін өзгерістер туралы ұсыныс еді.

Мемлекет басшысы көп ұза­май бұл басты құжатқа енетін өзгерістер мен толықтырулар халықтың таңдауы болуы тиіс екенін атап өтіп, референдум өтетінін мәлімдеген болатын. Соған сәйкес елімізді демократияландыру бағытында үлкен қадамдар жасалу көзделіп отыр.

Референдум – Жаңа Қазақстан құру идеясының бастауы екені сөзсіз. Өзгеріске ұмтылған қоғамда жаңа идеялар мен ерекше форматтаға кездесулердің өтетіні заңдылық. 5 маусымда өтетін референдумды насихаттау және Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жалпы халыққа түсінікті болуы үшін жан-жақты қарапайым түсіндіруге тырысып жатырмыз.
«Amanat» партиясының Шымкент қаласы филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб мүшелері әдеттегі мәжіліс залдарындағы жиналыстардан гөрі, халық жиі бас қосатын орындарға тікелей барып, ашық диалог орнатуда. Мұндай басқосулардың жөні бөлек. Біздің мақсат – халықты мейлінше көбірек қамту. Алдағы уақытта өңір жұртшылығы референдумда белсенділік танытып, ел болашағының жарқын болуына үлес қосады деген сенімдеміз.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*