Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессиясы өтті

1 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдық мерейтойына арналған жалпы мәжілістің салтанатты сессиясы өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығымен құттықтап, мұны еліміз үшін мән-маңызы айрықша оқиға деп атап өтті. Сондай-ақ дамудың бірден-бір жолы ғылым екенін айтып, адамзат баласы жетістіктің бәріне білімнің арқасында жеткеніне тоқталды.

Президент Ұлттық Академияның мәртебесін өзгерту мәселесіне егжей-тегжейлі тоқталды. Бұл құрылымның 20 жыл бойы ғылымды басқару ісінен тыс қалғанын атап өтіп, оның қызметі әлемдік тәжірибеге сай жүргізілуі керек екенін айтты.

Айта кету керек, салтанатты жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі Дархан Қыдырәлі де қатысты.

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде жиыннан ерекше әсер алдым. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ғылым мен білімге баса назар аударғаны қуантады. Себебі еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының 75 жылдығымен құттықтаймын!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT»  партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*