БІРҚАТАР МЕДИЦИНА МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҢА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚПЕН ТОЛЫҚТЫ

Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында осы жылдың бірінші тоқсанында қаладағы бірқатар медицина мекемелері жаңа қызметпен және жаңа құрал-жабдықпен толықты. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалымжан Тлеуов есеп берді.

Сала маманы есепті кезеңде қалалық балалар ауруханасында онкогематология, кардиохирургия, нейрохирургия бөлімшелері ашылғанын, сонымен бірге №2 қалалық аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография қызметі көрсетіліп, стендттеу жоспарланып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, қалада жыл басынан бері 2 жаңа медициналық орталық ашылып, қалалық балалар ауруханасында ангиограф құрылғысы орнатылған. Алдағы уақытта 1,1 млрд теңгеге 10 медициналық жабдық сатып алу жоспарлануда.

Мамандардың біліктілігін арттыру жайын баяндаған сала жетекшісі бірінші тоқсанда 259 медициналық қызметкер біліктілігін арттырғанын және №1 қалалық клиникалық аурухана базасында Ресей мемлекеті мамандарымен травмотология бойынша мастер-класс өткізілгенін жеткізді.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*