ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ КӨПШІЛІК ТАЛҚЫСЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде, қалаберді қала тұрғыны ретінде шаһарымызға енгізілетін әрбір өзгеріс, жасалынатын қайсыбір іс мен үшін маңызы ерек.

Шымкент қаласының бас жоспары қала тұрғындарының назарына ұсынылды. Бір ай бойы кез келген шымкенттік тұрғын бас жоспармен танысып, өзінің ұсыныс-тілегін қалдыра алады. Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов арнайы өткен жиналыста осылай деп мәлімдеді.

– Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген болатын. Ал 2015-2018 жылдар аралығында бас жоспарға өзектендіру жұмыстары жүргізіліп, сол кездегі қала әкімі бекітті. Ал бұл бас жоспар 2025-2035 жылдар аралығын қамтып отыр. Арнайы мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізді. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалып отыр. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарлап отырмыз, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Қала әкімі орынбасарының сөзінше, Шымкенттің бас жоспарын әзірлеуге «Градкомплекс» ЖШС-мен келісімшарт түзілген. Мердігер мекеменің тәжірибесі мол, Қазақстанның көптеген қаласының жоспарын жасауға үлес қосқан. Компанияның шақыруымен Шымкентке Киев, Минск, Санкт-Петербург қалаларынан білікті мамандар келіп, кеңестерімен бөліскен.
Қазіргі таңда бас жоспардың 1-кезеңінің жұмыстары бітті. Бір ай бойы жүретін қоғамдық талқылаудан соң мамандар ұсыныс-талаптарды ескеріп, маңыздысын жоспарға енгізіп, жыл соңына дейін Шымкент қаласының жаңа бас жоспары жасақталады. Концептуалдық тұжырымдама негізінде әзірленген бас жоспар ҚР Премьер-Министрінің келісімінен кейін, ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

 

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*