Балардың игілігі үшін

 AMANAT партиясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде қаламыздың шеткі шағынаудандарында балалар алаңшасы жоқтығын айтатын тұрғындардың қарасы көп еді. Жол картасының тармақтарының бірінде бір жылда 217  балалр алаңшасы саныну көзделген екен.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Құрсай шағынауданында орналасқан балалар ойын алаңшасының құрылысымен танысты. Шаһар басшысы Қарнақ көшесінде орналасқан ойын алаңшасында болды. Бұл жердегі балалар алаңы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында, тұрғындардың ұсынысымен салынуда.

Алаңды абаттандыру жұмысы мамырдың соңында басталған болатын. Қазір ойын елементтерін орналастыру жұмысы жүргізілуде. Мердігер мекеме жуырда қолданысқа беру жоспарлап отыр. Мұнда балалар алаңынан бөлек демалуға арналған бастырма (беседка), орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері қойылады.

Алаңша тұрғындар серуендеуге және дене шынықтырумен айналысуға мүмкіндік береді. Спорт элементтерімен бірге, балаларға да арналған құрылғылар орнатылуда. Жоғарыда аталған алаңшалардағы ойын және спорт құрылғылары Шымкент қаласында өндірілген.

Абай ауданында биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 17 ауланы абаттандыру және 10 спрот алаңшасын салу жұмыстары жүргізілуде. Қазір барлық аумақтағы құрылыстың 85 пайызы аяқталып, жуырда ел игілігіне беріледі.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*