«AMANAT» жастар қанатының жаңалықтары

«AMANAT» партиясы жастар қанаты орталық кеңесінің отырысы өтіп, оның барысында ұйымның кезектен тыс Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Кеңес жұмысына партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысты.

«Еліміздің саяси жүйесінің трансформациясы «AMANAT» партиясынан басталды. Біздің партиямыз барлық саяси өзгерістің алдыңғы қатарынан табылып отыр. Жаңа Қазақстанды құру жағдайында жастарға негізгі рөл беріледі. Сондықтан наурыз айынан бастап жастар қанатын мазмұнды қайта жандандыру бойынша үлкен талдау жұмыстары жүргізілуде. Таяудағы Съезде жастар ұйымын трансформациялаудың жаңа тәсілдері жарияланады. Олардың ең алдымен еліміздің барлық өңіріндегі «AMANAT» партиясы жастар қанаты мүшелерінің ұсыныстары мен пікірлерін ескере отырып дайындалғанын атап өткім келеді», — деді Асхат Оралов.

Кезектен тыс VI Съезд осы жылдың 12 шілдесінде Ақмола облысының Зеренді ауылында өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 350-ден астам делегат қатысады.

Өз кезегінде жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Съезде осыған дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, партияның трансформациясын ескере отырып, жаңа міндеттер айқындалатынын атап өтті. Қазақстанның барлық өңірінен келген делегаттар жастар қанатының қызметін жақсарту бойынша ғана емес, жалпы мемлекеттің дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы идеяларды ұсына алады.

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты ретінде мен жастарды әрдайым қолдаймын. Себебі, болашақтың тірегі де, қорғаушысы да — осы жастар. Олардың әрбір ұсыныстарына оң көзбен қарап, жақсы бетбұрысқа алып келетін жобаларын қолдау аға ұрпақтың міндеті.

 

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*