ШЕТКІ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ ИНФОҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕСІН ТАРТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Мемлекет Басшысы геосаяси жағдайдың күрделенуіне байланысты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі және бағаны тұрақтандыру мәселесіне байланысты нақты тапсырмалар берген-ді. Бұл бағытта қаламыздың ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін өндірістік алаңдарын дамыту арқылы қолға алу көзделген. Бүгінгі таңда аумағы 133 гектар құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі агро-индустриялық аймағында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.

Қала әкімі индустриалды аймақтың инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын тексерді.

Мұнда қазір 15 шақырымдық суаққының құрылысы жүруде. Жұмыстың 46 пайызы орындалды. Сонымен бірге, электр жүйесін тарту жұмыстары қарқын алған. Индустриалды аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту толығымен 2023 жыл соңына дейін аяқталады.

Ішкі және сыртқы жолдар үшін конкурс өткізілуде.

«AMANAT»  партиясы фракциясының мүшесі, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты ретінде қаламыздың дамуына жол салатын түрлі маңызды жзұмыстар бей-жай қалдырмайды. Соның бірі инфорқұрылым жүйесін жүйелеу.  Баршаға мәлім қаламыз өз маңызы бар қала атанғалы шекарасының кеңейіп жатыр. Әрбір жаңа қосылған елдімекендердегі тұрғындардың жайлы өмір сүрүйіне де дәл осы инфоқұрылымның сапасы мен қызметіне байланысты.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*