Мәжілістегі «AMANAT» фракциясы келесі сайлауда 7 жылдық президенттік мерзімді енгізу туралы бастаманы қолдады

Мәжілістегі «AMANAT» фракциясы келесі сайлауда 7 жылдық президенттік мерзімді енгізу туралы бастаманы қолдады
Бүгін Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов фракция жиынын өткізді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары да шақырылды. Жиынға қатысушылар алдағы сайлауда қайта сайлау құқығынсыз жеті жылдық президенттік мерзімді енгізу және елордаға Астана атауын қайтару туралы бастаманы қолдады. Депутаттар осы реформалардың прогрессивті екенін және олардың әділетті Қазақстан құру бағытына толық сәйкес келетінін атап өтті.
Отырысты ашқан Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің қарауына ұсынған 7 жылдық мерзімді енгізу және елорданың атын өзгерту жөніндегі мәселелер Мәжілістегі барлық фракция депутаттарының ұсынысы екеніне назар аударды.
Сондай-ақ Ерлан Қошанов елорданың атауын өзгерту туралы ұсыныс Тұңғыш Президенттің қазіргі Қазақстанның құрылуы жолындағы еңбегін жоққа шығармайтынын айтып, қоғамның да пікірі ескерілгеніне мән берді.
Одан әрі депутаттар ұсынылған реформаларды қолдан өз пікірлерін білдірді. Фракция отырысын қорытындылаған Ерлан Қошанов депутаттарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді. Реформалардың мәні мен маңызын барлық қазақстандыққа жеткізу қажет екенін атап өтті. Ол үшін әлеуметтік желілердің, БАҚ-тың мүмкіндіктерін барынша пайдалану және халықпен белсене кездесу керектігіне назар аударды.

Бақыт Қыдырбаев

Шымкент қаласы мәслихатындағы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*