Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы мемлекеттік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттарды айқын көрсетуімен ерекшеленді. Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиясын, басымдықтары мен болашағын айқындайтын басты құжат.
????Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймақтарды дамыту саясаты өзгереді. «Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болу қажет» деді Президент. Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр. Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Осы орайда мемлекет басшысы, өз міндетін адал орындайтын кәсіпорындарға жер телімін жекеменшікке беруді ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ жер телімдерін беруге болады. Барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жекеменшікке беру мәселесін шешу керек». Осы ретте, «AMANAT» партиясы жанына құрылған «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері ағымдағы жылдың 22 маусымынан бастап бүгінге дейін 9 өңірді аралап, еліміз бойынша 661 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл үлкен жеңіс деп білемін.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*