«AMANAT» Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында пәтер иелері кооперативтерін (ПИК) тарату және мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ) құру мәселелері талқыланды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшиннің айтуынша, 42 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумды басқарудың жаңа нысанына көшті.
«iQamal» қауымдастығының президенті Гүлвира Әбетованың пікірінше, әрбір нақты тұрғын үй кешенінің МИБ-ін тікелей құрудан бөлек, үйді басқарудың бұрынғы нысаны – ПИК-тің жойылуы маңызды.
Комитет мүшесі Әнуар Ілиясова тағы бір түйінді мәселеге назар аударды. Заңнамаға сәйкес барлық көппәтерлі үй кондоминиум нысаны ретінде тіркелуі тиіс. Алайда реформа жасаушылар мемлекеттік баж қандай қаражат есебінен төленуі тиіс екенін қарастырмаған.
Жиынды қорытындылай келе, Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, «AMANAT»-тың Мәжілістегі фракциясының мүшесі Артур Платонов заңнаманы жетілдіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді корпоративтік басқару рәсімдерін барынша егжей-тегжейлі нақтылау қажет екенін айтты.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы
Пікір қалдыру