Іскерлік этика – қызметтегі басты талаптардың бірі

Қызметтің кез келген түрінде жұмыс жасайтын адамдардың бойында белгілі бір жалпыадамзаттық құндылықтардың болуы маңызды. Атап айтқанда, адалдық, табандылық, белсенділік, жауапкершілік, өз бетінше жұмыс істеуге талпыну және өз көзқарасын қорғау сынды қасиеттер болашақта  бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасуға әрі табысты нәтижеге қол жеткізуге үлкен септігін тигізері анық. Сонымен қатар, болашақ мамандардың санасын жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдыруда, ұжымдағы қарым-қатынасты нығайтудаіскерлік этиканың маңызы ерекше.Іскерлік этика– өзін-өзі ұстай білу мәдениеті және іскерлік байланыстар саласындағы белгіленген тәртіп.

Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау.Әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу міндетте тұр. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді.

Заманауи прогрессте мақсатқа жету үшін жас мамандарды үйрете отырып, заман талабына сай болу үшін білімі жоғары, мәдениетті, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, өзіне деген сенімі мықты, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын маман болуға дайындау. Осыған орай, әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу жүйесінде “Басқару психологиясы”атты міндетті пәннің берер пайдасы мол.Бұл пәнді оқу университет білім алушыларының қоғамда және кәсіби ортада коммуникативтік дағдыларын дамыту, даулы мәселелерді оңай жолмен шешу, топта еркін жұмыс жасау, өз пікірін ұжымның пікірімен салыстыру сияқты кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға  ықпал етеді.

“Басқару психологиясы” пәні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің студентері мен магистранттарына іскерлік этиканы, өздерін жұмыста, ұжымда ұстай білуге және ұжыммен қалай жұмыс жасау керектігіне үйретеді. Аталмыш пәнді оқыту тек теориялық біліммен шектеліп қоймай, практикалық негізде де жүзеге асырылады.Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Садықова Н.М.пәнді оқыту барысында басқару психологиясын негізге ала отырып, білім алушылармен шетелдік  іскерлік этика ерекшеліктерін талдап, практикалық мәселелерін қарастырды. Бұл пәнді жүргізу барысында топтық жұмыстар өзге халық өкілдерімен іскерлік этика сақтауережелері, кездесетін қиындықтар және алдын алу сияқты тақырыптарда ұйымдастырылды. Сондай-ақ, тұлғааралық және мәдениетаралық өзара әрекеттесу мәселелерін шешу үшін үнді, кәріс, араб білім алушыларымен ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасау тәсілдері және шетелдіктермен іскерлік қарым-қатынас барысында кездесуі мүмкін жағдаяттарды арнайы талдатып оқытуда.  Осының нәтижесінде, шығыстану факультетінің студенттері мен магистранттарыбатыс және шығыс елдерінің психологиясын, іскерлік этика ерекшеліктерін салыстыруды үйреніп, іскерлік этиканың қазіргі таңда маңыздылығы жайлы құнды ақпарат жинақтады. Бұл өз кезегінде білім алушылардың кәсіби және мәдениетаралық қатысымдық құзыреттіліктерінің дамуына септігін тигізді.

Қорыта атқанда, іскерлік этикет қағидалары еңбек етушінің қызметте өзін қалай ұстауға, өзгелермен байланыс орната отырып жұмысты көңілді әрі жемісті жасауға қатысты бағыттарды қамтамасыз етеді.Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесін дайындау кәсіби әрі мәдениетаралық құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал ететін іскерлік этиканы арнайы оқытуды талап етеді. Сол себепті, жоғары оқу орындарында “Басқару психологиясы” пәнінің жүргізілуі маңызды және қажетті болып саналады.

 

Н.М. Садықова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психология ғылымдарының кандидаты, доцент;

Н.С. Жубаназарова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психология ғылымдарының кандидаты, профессор;

А.Т. Тулебаева,, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шетел филологиясы мамандығының 1-курс магистранты

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*