Ұлы данышпан, кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 178 жыл толды. Осыған орай
Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Қоғам белсенділері мен қала тұрғындары алдымен Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Абай күніне орай ойшыл ақын, саяси қайраткер және еліміздің тарихында өшпес із қалдырған Абай атамыздың өлеңдерін жас ұрпақ жарыса айтып, әндерін жырға қосты.
Жиналған қауым ақынның шығармаларынан жарыса үзінділер оқыды. Қонақтар сондай ақ, «Абай – адамзаттың мәңгілік рухы» атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.
Мерекеге орай, жас оқырмандар арасындағы «Абай әлемі» атты байқау қорытындыланды. Ал, қалалық жасөспірімдер кітапханасы кішкентай оқырмандарға арнайы Абай танымын терең толғау мақсатында сырлы саяхат ұйымдастырды.
Атап өтейік, Ұлы Абай күні мерекесі кешке дейін жалғасады. Бүгін кешкі сағат 19.00 – 19.30 Шымкент қалалық Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында «Желсіз түнде жарық ай» әдеби-музыкалық толғауын тамашалауға шақырамыз.
Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталық аумағында «Coca-Cola Kazakhstan» сусын өндіру зауытының салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды инвестициялық жобаның іске қосылуына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы бұл жобаның қала дамуына жаңа серпін беретінін атап өтті. «Инвестициялық […]
Шымкент қаласындағы №10216 әскери бөлімінде айрықша мәнге ие күн өтті — 35 жас сарбаз Отанға адал болуға ант берді. Бұл — олардың өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы. Бұған дейін азаматтық өмірде жүрген жастар енді нағыз әскери […]
Бүгінде қалада жеке инвесторлар жаңа жолаушылар терминалының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстарына 120-150 адам тартылған. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс барысын пысықтады. Қазіргі таңда терминалдың шатыры толық жабылып, қасбеттік жүйелері монтаждалып, желдеткіш жүйелері […]
Пікір қалдыру