«ҚАЗАҚ-ТӘЖІК БАУЫРЛАС ЕЛ»: ДЕЛЕГАЦИЯ САПАРЫ ТАРИХТЫ ТАНУМЕН ЖАЛҒАСТЫ

“Шым қала” тарихи — мәдени кешеніне Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері аясында бауырлас елдің Ауыл шаруашылығы министрі Хакимзода Курбон бастаған делегация келді.
Қонақтарға қала әкімі Мұрат Әйтенов жылы лебізін білдіріп, меймандостық танытты. Ежелгі Жібек жолы бойында орналасқан Шымшаһардың мәдениеті мен тарихына қаныққан тәжік елінен келген бауырлар ризалық пейілдерін білдірді.
 Делегация құрамында Носирзода Жабор — Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Сафарда Бахтиёр — Индустрия жане жаңа технологиялар министрінің орынбасары, Холмация Рустам — Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Туризмді дамыту комитетінің орынбасары бар.
Сонымен қатар делегация “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінде өңірлік қолөнершілер, шеберлер туындыларын да тамашалап, ескі қалашық тарихымен танысты. Әр бөлімді жеке — жеке машықтанған шеберлар мен гидтер арнайы таныстырып шықты. Тарихи мекенді бейнелейтін кешеннің өзі көздің жауын алып, әрбір танысқан нысандарын айшықтап тұрды. Түркі тілдес ұлттардың мәдениеті мен тарихында ұқсастық болғанымен көріп -алар танымы көп. Елдің тарихын білген сайын, бірлік беки түсетіні сөзсіз. Сондықтан-да Тәжікістаннан келген делегацияның қазақ тарихына қызыққаны сонша, естімегеніне есі кетіп, көргенін түртіп отырғандар болды.
Кездесу сәтінен естелік ретінде елімізге белгілі қолөнер шебері Бейсбеков Болат мырзаның қолынан шыққан туындылар табысталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*