ЕЛДІҢ ТҰТАСТЫҒЫ — ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШІН АСА МАҢЫЗДЫ

Бүгін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің соымен қатар Қаратау аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында  ауқымды іс-шара өтті. аталған жиынға Қызылсу және Сайрам тұрғын алаптарының ауыл билері мен жергілікті тұрғындары қатысты.
Елдің тұтастығы — әрбір қазақстандық үшін аса қажетті мәселе. Халқымызда «Бірлік болмай тірлік болмайды» деген сөз бар. Осы сөзді ұран етіп ұстанған бадамдық этнос өкілдері бірлік мәселесіне басты маңыз беруде. Қазақстан мемлекеттік тәуел­сіздігін иемденгеннен кейін біздің қоғамымыздың тек күнде­лікті тіршілігінде ғана емес, сонымен бірге ұлттық саясатында да біршама өзгерістер болды. Қазақстан Республикасының ұлтаралық қарым-қатынасында мемлекет жүзеге асырған, ұлттық қарама-қайшылықты шешуге және ондағы барлық этностардың ұлттық талап-тілегін орындауға бағытталған ұлт мәселесі жан-жақты дәлелді жүйедегі өлшемге ие бола бастады. Қазақстан халқы Ассам­блеясы мүшелері осы уақыт аралығында ел ертеңіне үндейтін ба­йыпты бастамаларға ұйытқы болып, қашанда біздің қоғам үшін маңызды мәселелерге лайық­ты атсалысып келеді. Бір үй­дің баласындай болған этно­мә­дени бірлестіктер Ассамблея шаңы­рағының астына топтасып, бірталай тындырымды тірлік­тер­дің темірқазығы бола білді.

Кездесу барысында жалпыұлттық бірлікті ілгерілету, азаматтық келісімді нығайту, кереғар діни ағымдардан сақтану жөніндегі келелі ойлар ортаға салынды.
Жиында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтау, ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, өскелең ұрпақ – жастарға оң тәрбие беру мәселелері туралы жан-жақты сөз болды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*