Достық үйі — қоғамдық келісім орталығында Халықаралық сауаттылық күніне арналған диктант өтті. Оған Достық үйінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және ШҚО «Ассамблея жастары» жастар қозғалысының белсенділері қатысты.
Барлық ниет білдірушілер сауаттылық деңгейін тексеріп, уақытты тиімді өткізді. Себебі, интеллектуалды қабілеттерді дамыту өте қажет және маңызды. Бұл арқылы елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қазақ тіліне деген құрметін білдіріп, тарихы мен дәстүріне сыйластық танытады. Тілді тез меңгеріп өзге де қызығушылық танытқандарға үлгі болады. Айта кетейік, бұл шараға өтініш берушілердің қарасы көп.
Ұлты басқа болса да қазақ жерінің тіліне деген құрметтері ерекше.
Іс-шараны тұрақты негізде тақырыптық диктанттар өткізетін орыс мәдени орталығы ұйымдастырды.
«Білімімізді тексеруге мүмкіндік бергеніңіз үшін көп рахмет. Бұл өте қызықты болды», — деп бөлісті қатысушылардың бірі. Ал кейбір қатысушылардың бойында қорқыныш пен қобалжудың болғанын жасырмады. Себебі, қазақ тілінде сөйлей алғанымен оны грамматикалық тұрғыда қатесіз жазуға іштей дайын болмағандарын жеткізген. Дегенменде, үрей мен қорқынышты сырып, алға қойған мақсаттарына жетуден барлық күшін салдық деп ой бөлісті.
Дәл осындай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Диктант жазу ісіне этномәдени бірлестіктерден бөлек мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, студенттер, мектеп оқушылары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ниет білдірген тұрғындардың барлығы ат салысатын болады.
Пікір қалдыру