Жылдан жылға жергілікті халық саны артып келе жатқан Сауле шағынауданында саялы саябақ салынуда. Қала әкімі жауаптылармен бірге саябақтың құрылыс жұмыстарын қадағалап, жобаның жүзеге асырылуын пысықтады. Нысан құрылысын «ГрадСтройСервис» мердігер мекемесі жүргізуде. 2,5 гектарды алып жатқан заманауи демалыс аймағында жасанды газон, көгалдандыру алаңы қарастырылған. Жоба бойынша мұнда 900 шаршы метр асфальт және өрнектас жабындысы салынады. Тұрғындардың үш жыл күткен саябағы жақында қолданысқа беріледі. Елдімекен көркін арттыратын, халыққа жанға жайлы демалыс сыйлайтын саябақ құрылысы жүргізілуде.
Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа демалыс алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қазір 2,5 гектарды алып жатқан саябақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. 900 шаршы метрге асфальт жабындылары төселіп, 8 мыңнан аса шаршы метрге түрлі өрнектастар орнатылған.
Сондай-ақ, жасанды газондар саябақты әдемі реңке көмкеріп тұр.
Жоспарға сәйкес демалыс орны жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, шағынауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар да жоспарға сәйкес атқарылуда. Мұнда жаңа нысандар да бой көтере бастады. Бұл халықтың игілігіне пайдасы орасан іс. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің де жұмысы жанданып, қала экономикасына да әсер ететін болады.
Қала әкімі жауаптыларға құрылыс жұмыстарын талаптарға, өндірістік кестеге сай атқарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырмалар жүктеді.
Елбасы журналистер алдында сөйлеген сөзінде Түркістан аумағында қарқын алған құрылыс жұмыстарының ауқымын атап өтті. – Өткен жылы облыс орталығын көшіру туралы жарлыққа қол қойған соң ауқымды құрылысты бастадық. Бүгін мен орасан зор ғимараттарды аралап көрдім. […]
Бүгін мемлекетіміздің Тәуелсіздігін алғаш мойындаған бауырлас ел Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қаладағы 11 шағынауданда орналасқан саябаққа «Қазақстан–Түркия достығы» атауы берілді. Салтанатты жиында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков құттықтау сөз сөйледі. – Қазақстан мен Түркия – […]
Шымкент – жасыл қала. Шаһарды көгалдандыру жұмыстары күн тәртібінен түскен емес. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаладағы экологиялық жағдайды жақсартатын бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Негізгі басымдық көгалдандыруға берілген. Атап айтқанда Шымқаланың жасыл аймағының көлемін 13 мың […]
Пікір қалдыру