Қаламыздағы «Орталық саябақта» бас қосып, шахмат ойнайтын ардагерлердің назы бар. Олар саналы ғұмырында еңбек етіп, зейнет жасында шахмат спортын серік еткен. Бірақ та, шахмат ойнайтын ғимараттың жоқтығына налыды.
Шахмат ойынын тұрақты ойнайтын 58 және 85 жас аралығындағы қариялардан құралған «Ақ тұлпар» клубының өкілдері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтен ғимарат мәселесін шешіп беруді сұрады. Спортты серік еткен ардагерлер бұл өтініштерін бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде жеткізді. Қала басшысы қариялармен «Орталық саябақта» жүздесіп, талап-тілектерін назарға алды.
Клуб ғимараты М.Х.Дулати атындағы 8-мектептің күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуіне байланысты бұзылған болатын. Қазір клуб мүшелері «Орталық саябақта» орналасқан «Оқушылар сарайына» жиналуда.
Қалада бүгінде 88 мыңға жуық қария тұрады. Олардың 3 соғыс, 2 мыңнан астамы – тыл ардагері. Бүгінде мегаполистің егде тұрғындарына мемлекет тарапынан барлық қолдаулар көрсетілуде. Бір жылда 50 мыңнан астам қария 10 күндік санаторлық – курортты емдеу шараларымен қамтылады. Сондай-ақ ардагерлер “Дәнекер” жобасы аясында қоғамды ізгілендіруге де үлес қосуда.
Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен қариялар еліміздің көрікті орындарына саяхаттайды. Екі жарым мыңнан астам ардагерге мерзімді басылымдар тегін жеткізілуде.
Қала әкімі шахматшы ардагерлердің ұсыныстарын заң шеңберінде қарастырып, жауаптыларға ғимарат мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.
Бұл сайыс бұынғысынан өзгерек. Ерекше форматта шахмат сайысы өтті. Интеллектуалды ойында қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан» қызмет алушы зейнеткерлер мен қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» жас шахматшылары шаршы тақтада сынға түсті. Шахмат сайысының […]
Әлемде шахмат – ақыл-ойды дамытатын спорт түрі болып саналады. Бүгін бір айдан бері республика өңірін аралап келе жатқан «Шахмат керуені» Шымкентке келді. 10 қыркүйекте жолға шыққан керуен бұған дейін Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды, Семейден бастап, […]
Пікір қалдыру