Бұл сайыс бұынғысынан өзгерек. Ерекше форматта шахмат сайысы өтті. Интеллектуалды ойында қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан» қызмет алушы зейнеткерлер мен қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» жас шахматшылары шаршы тақтада сынға түсті.
Шахмат сайысының мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы, зияткерлік ойынды дамытып, кеңінен насихаттау. Спортқа деген қызығушылықты арттырып, жас дарындарға қолдау көрсету.
Ардагерлердің көңілін сергітіп, жастарға жігер берген іс-шара қызықты әрі тартысты өтті. Жарысқа шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионаттарының қола жүлдегері, түркістандық жас шахматшы Сұлтанхан Нұрислам қатысты.
Шаршытақтаның жас шеберлері арасында алғашқы орынды Сұлтанхан Нұрислам иеленіп, II орын Мұхаммедәмин Мәуленұлына, III орын үздік ойыншы Нұрислам Абдуғаппаровқа бұйырды.
Орталықтағы ардагерлер арасында I орын Сембек Дүйсекбайға, II орын Ерсін Жарқынбекке бұйырды. III орынға Әуез Ахметов ие болды. Сайысқа қатысқан 24 шахматшы да өз шеберліктерін көрсете білді.
Ойы ұшқыр, өресі биік ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен сайыс соңында ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын айтып, жас буынға бата-тілегін жеткізді.
ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында түркістандық жас мемлекеттік қызметкерлері мен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының арнайы кездесу жиыны өтті. Жиында Түркістан қаласының әкімі өзінің мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлердің сауалдарына жауап берді. Бүгінгі таңда […]
Күннен-күнге түрленіп жатқан Түркістанға төрткүл дүние көз тігіп отырғаны жасырын емес. Түркі елдерінің рухани астанасы ретінде мәртебесіне сай шаһар болып қалыптасуы жолында жасалып жатқан игі істер қарқын алып, бүгінгі Түркістан алып құрылыс алаңына айналған. Десек […]
Түркістан қаласына 127 шетелдік компанияны шақырып, 301 миллиард теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылған. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді. Осы келісім арқылы дрон, бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық техника өндіретін кәсіпорындарды ашу жұмыстары […]
Пікір қалдыру