ҚР Үкіметі тарапынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу қарастырылған болатын.
Шымкентте жалға алынған пәтерді субсидиялауға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы тексерілуде. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы жүргізген мониторингке сәйкес, 256 азаматпен жасалынған келісімшарт тоқтатылды.
Естеріңізге салайық, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру ережесі» туралы бұйрықта көрсетілгендей аталған бағдарламаға белгіленген топтар ғана қатыса алады. Олар: І, ІІ топтағы мүгедектер, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасылар.
Бұйрық күшіне енген сәттен бастап Шымкентте 1 769 азаматқа субсидия берілген.
Айта кетейік, атаулы көмек бойынша тізім механизм дайындалғанда ғана жасақталатын болады. Баспананы жалға алудың бір бөлігін төлеу қағидатына сәйкес 50% — мемлекет, қалған 50% — ын пәтер жалдаушы өз бетінше төлейді. Қайталама тұрғын үйді жалға алу үшін отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен (36 018 тг) кезекте тұрған көпбалалы отбасылар. Аталған субсидиялау механизмінің басты операторы болып «Отбасы Банкі» белгіленді.
Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:
-Қазақстан Республикасының азаматтығы;
— Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген (36 018 тг) шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
— Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
— Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.
Жаңа механизм мүдделік органдармен бекітіліп келісілген соң ғана мамыр айында іске қосылады деп күтілуде.
Шымкент қаласында білім басқармасына қарасты 701 мекеме жұмыс жасайды — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева мәлімдеді. Оның ішінде 158 мектеп, 501 балабақша бар. Ал, жалпы […]
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен «Nur Otan» партиясы активінің бейнеконференция мәжілісі өтті. Жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» республикалық қоғамдық қорымен атқарылып жатқан жұмыстар мен ҚР Президенті […]
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығыда Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы БАҚ өкілдеріне Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша 7 айда атқарған жұмыстары туралы брифинг берді. – Қазіргі таңда аудан аумағындағы 19 шағынаудан мен 16 […]
Пікір қалдыру