Шымқала – тек қана туристерге жайлы өңір емес. Сонымен қатар шаһар кәсіпкерлер үшін де ыңғайлы қаланың бірі. Себебі мұндағы индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймағы бизнес өкілдеріне көптеген мүмкіндіктерді ұсынып отыр. Бизнеске жасалған жағдайдың арқасында үшінші мегаполис өнеркісібі құлаштап дамыған өңірге айналды. Қазір қалада сәтті эұмыс істеп тұрған ірі әрі бірегей кәсіпорындар баршылық.
Солардың бірі — «KazBioLife» ЖШС.
Гофрокартоннан қаптама жасайтын өнеркәсіп өндірісі «KazBioLife» ЖШС 2014 жылы ашылды. Шымкенттегі «Оңтүстік» экономикалық аймағында орналасқан. Өндірістік қуаты жылына 10 млн шаршы метр. Компания дереу өзін тұрақты және сенімді кәсіпорын ретінде көрсетті. Шығарылатын өнім көлемі жақын маңайдағы облыстарды гофротар қажеттілігін қамтамасыз етуге және болашақта қазақстандық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Жобаның жалпы құны 650 миллион теңгені құрап, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған. Мұнда бүгінде 60 адам жұмыспен қамтылып отыр.Кәсіпорын өндіріске қажетті шикізатты Ресейден, Алматыдан алдырады. Сұранысы қарапайым өнім болғанымен, сұраныс өте жоғары. Тауардың өтімділігі артуда.Қаладан бөлек Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына сұраныс көп дейді зауыт басшылығы. «KazBioLife» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайтпақ ниетте. Яғни екінші жоба қолға алынуда. Жоба құны 1300 миллион теңгені құрайды.
«KazBioLife» зауыты тапсырыстардың саны мен көлеміне байланысты айына 5 000 000 м2 астам гофротарлар шығара алады. Бұл сандық жағынан да, сапалық жағынан да Қазақстандағы үздік көрсеткіштердің бірі.
«KazBioLife» зауыты-оңтүстік аймақ аумағында өз арсеналында 3 және 5 қабатты гофрокартон шығару бойынша ретке келтірілген технологиясы бар жалғыз зауыт.
«KazBioLife» зауыты — Қазақстан Республикасының аумағында D және E профильдегі (микрогофра) гофрокартонның жалғыз өндірушісі.
Пікір қалдыру