Бұл кездесу бұрынғыдан өзгерек. Халықтың құлағына сіңімді, қарапайым жиында, көп мәліметтер алынды.
Шымкентте «Арманда» бизнес форумы өтті. Жиында медиаменеджер, қоғам қайраткері Арман Давлетяров, белгілі дінтанушы, Нұрлан Байжігітұлы, қоғам қайраткері, журналист Ләйлә Сұлтанқызы, белгілі продюсер Жан Мұқанов бизнес түрлерін меңгерудің тың тәсілдерімен қоса отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани дамуы тақырыптарында сөз қозғады.
«Біз халықпен кездескенде ұлттық құндылықтар төңірегінде ғана айтпаймыз. Қаланы аралап, тарихи орындарда боламыз. Оны әр барған қаламызда насихаттаймыз. Жалпы, бұл басқосуды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз — іскер азаматтарды спикер ретінде тартып, қоғам қайраткерлерін, медиа-бизнес өкілдерін және мыңдаған кәсіпкерлер мен Қазақстанның қарапайым тұрғындарын үлкен қайырымдылық миссиясына біріктіру», — деді Арман Давлетияров.
Пікірталас алаңында бренд қалыптастыру, нарықта сұранысқа ие бизнес түрлерін игеру, бәсекеге қабілетті өнім өндіру мәселелерінде түрлі кеңестер айтылды. Басқосуда кәсіпкерлікті дамытуда мегаполистің мүмкіндіктері мен инновациялық жобаларды тиімді жүзеге асыру тетіктері қарастырылды.
Сондай-ақ форум спикерлері қала аумағындағы әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды аралап, жергілікті зауыт-фарбрикалардың тыныс-тіршілігімен танысады. Сонымен қатар қала жастарымен кездесіп, кәсіпке баулу тетіктері бойынша шеберлік сабақтарын өтеді.
Айта кетейік, форумның іс-шаралары бұған дейін Астана, Қызылорда, Түркістан қалалрында өткен. Мұнан кейін де еліміздің бірқатар қалалары мен өңірлерінде өтеді деп жоспарланған. Сонымен қатар, қатар спикерлер форум аясында өңірлердегі балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және басқа да әлеуметтік мекемелерге барады.
Алдағы уақытта мұндай форумдар еліміздің өзге де қалаларында жалғасады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Смитсон орталығының халық шығармашылығы және мәдени мұра арнайы жобалары жөніндегі директоры Халле Батвинге қазақ мәдениетін Америка Құрама Штаттарында белсенді түрде насихаттап жүргені үшін ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, мәдени дипломатия — екіжақты […]
Мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағыт-бағдар беретін «2000 мектеп» акциясы жалғасуда. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы №85 ЖОМ оқушыларымен офлайн форматта кездесті. Елімізде жол саласы мамандарына сұраныс жыл […]
Президенттің Жолдауында өңірлерді дамыту және инвестиция тарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жауапкершілік тек орталық билікке емес, жергілікті басшыларға да жүктелуі тиіс екені айтылды. Әр өңірдің әкімдері белсенділік танытып, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарды […]
Пікір қалдыру