ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАРҒА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРІЛДІ

Мектеп түлектерінің мамандық таңдауына бағыт-бағдар беретін «2000 мектеп» акциясы жалғасуда. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы №85 ЖОМ оқушыларымен офлайн форматта кездесті.


Елімізде жол саласы мамандарына сұраныс жыл сайын артып келеді. Қазақстан аумағында республикалық және жергілікті деңгейдегі жолдарды қайта жаңғырту, жаңа ықшам аудандардың пайда болуына байланысты ауыл және аула ішілік жолдар салу қарқын алды. Сапалы, тақтайдай тегіс жол салу үшін де білікті мамандар қажет.

Осы орайда, қандай мамандықты таңдасам екен, қандай оқуға барсам екен деп жүрген арманшыл жастарға «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының кәсіби мамандары жастарға бағыт-бағдар беруде.

Шымкент қаласындағы №85 ЖОМ түлектерімен кездескен «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК ШҚФ инженері Ерлан Төребаев құрылысы саласының қазіргі тыныс-тіршілігіне кеңінен тоқталып, жолшы мамандарға мемлекет және мердігер мекемелер тарапынан жасалатын жағдайлар туралы әңгімеледі. Жоғары әрі тұрақты жалақы, білімдерін жетілдіру мақсатында түрлі оқу-семинарлар, тәжірибе алмасу мақсатындағы жұмыстардың жолға қойылғандығын жеткізді.

«Кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары өз жалғасын табады. Болашақта жол саласын таңдаған студенттер үшін филиал зертханасында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады», деді Ерлан Төребаев.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*