РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА СЕНБІЛІК ДЕНДРОСАЯБАҚТА ЖАЛҒАСТЫ

Президент Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес Республика күніне орайластырылған «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» экологиялық акциясында шымкенттіктер белсенділік танытты. Бүгінгі сенбілікте А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағын тазартуға басымдық берілді. Көпшілік қураған ағаштарды кесіп-бұтап, демалыс аймағын ретке келтірді.
Бұл бағыттағы жұмыстар барлық аудан аумақтарындағы қоқыс жинақталған орындарда жалғасты.

азалық шарасына шаһар басшысы Ғабит Сыздықбеков бастап қала әкімі аппаратының, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысты.

Сондай-ақ Бадам өзенінің жағалауын тазалауға Жаңаталап, Тәуелсіздікке 20 жыл, Көкбұлақ және Алтынтөбе елді мекендерінің тұрғындары, көшелер мен үйлердің басқарушылары да атсалысты.

Сенбілікке жиылғандар өзен сағасын күл-қоқыстан тазартып, арнайы техниканың көмегімен сыртқа шығарды.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша шеткі аумақтардағы қоқыс үйінділерінде тазалық шаралары күшейтіледі.

Ел тарихындағы маңызды мереке қарсаңында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке тұрғындар, мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер мен ерікті жастардан құралған 72 мыңнан астам азамат атсалысты.

Тазалық шараларына 50 техника жұмылдырылып, 358 текше метр қоқыс шығарылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*