Шымкентте кезекті сенбілік өтуде. Айта кету керек, шаһарда әр сенбі сайын сенбілік ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Туған жерімізді сүю керек деген тәмсілді жастарға ұрандап келеміз. Сол жерімізге құрмет пен махаббат тазалықтан басталады. Айналамызды тазалап, өзгені де сол қағидатқа үгіттейтін болсақ, адам бойына қалыптасып қалады. Ал әрбір адамның жүрегінде өз жеріне деген ерісіз махаббат пен жауапкершілік пайда болады.
Соданда болар сенбілікке қатысушылардың саны артып келеді. Бұл, әрине құптарлық іс. Қала бәрімізге ортақ болғандықтан, қала тазалығы бәріміз үшін маңызды. Сондықтан тазалық мәселесінде алдымен әрбір тұрғын өзі тұрған жердің тазалығына мән берсе, тазалық сақталады. Сонда барып аула тазарады. Ал ауланың тазалығы қаланың тазалығы, қаланың тазалығы- сананың тазалығы.
Бүгінгі кезекті сенбілікке қала әкімі аппаратының, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, әкімдікке қарасты барлық салалық басқармалардың, аумақтық органдардың, мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері мен ерікті жастар қатысып жатыр.
Солардың қатарында «Ақпараттық-коммуникациялық орталығының» қызметкерлері де бүгінгі күнгі сенбілікке атсалысуда.
Олар өздеріне бекітіліп берген Желтоқсан көшесі, яғни Темірлан тас жолынан Сайрам көшесіне дейін аралықта көше бойларын, арық ішін қоқыстардан тазартты.
Әр апта сайын сенбілікке шығып жүрген орталық қызметкерлері таза орта қалыптастыру тазалаудың емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асатынын жақсы біледі.
Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тұрғындарды шаһар тазалығын сақтауға, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын, үй маңы мен көше бойларын таза ұстауға шақырады.
Сондықтан, тек сенбілікте ғана емес күнделікті өмірде де сүйікті қаламыздың тазалығына баршамыз үлес қосайық!
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, тазалық туралы сөз қозғар болсақ, қоғам тазалығы, тіл, ар-ождан, жеке бастың, қоршаған ортаның тазалығы деп осылай тізбектеле береді. Бұлардың қай-қайсысы да адам үшін маңызды. Ал, біздің […]
Мемлекет басшысының бастамасымен биыл елімізде «Таза Қазақстан жобасы іске қосылды. Акцияның мақсаты – табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту. Бұл ретте еліміздің түкпір-түкпірінде еңбектеген баладан, еңкейген қарттарға дейін тазалыққа өз үлестерін […]
Қоршаған ортаны қорғау мәселесі қазіргі қоғамда ерекше маңызға ие. Қалалардың экологиялық жағдайы мен тазалығы тек көріктілігін ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын анықтайды. Осы себепті, қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласында өтетін […]
Пікір қалдыру