Жыл басынан қаламызға шет мемлекеттерден 766 отбасы көшіп келген. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы кезеңде 1 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. Олардың 612-і ер адам, 584-і әйел кісі, 400-ге жуығы 18 жасқа дейінгі жастар, 93-і зейнеткер, 712-сі еңбекке қабілетті азаматтар.
Жарты жылда қалада 47 отбасынан 62 адам қандас мәртебесін ұзартқан. Қандастардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан қоныс аударғандар. Биыл көрші елден 1166 адам көшіп келген. Сондай-ақ Қытайдан – 16, Ресейден – 8, Ауғанстан мен Түркиядан — 2, Қырғызстан мен Тәжікстаннан – 1 адам келген.
Қандастардың басым бөлігі құрылыс, сауда –саттық және басқа да салаларда жалдамалы жұмыс істейді. «Еңбек мобильділігі» орталығы тарапынан 86 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған.
Қалада 2008 жылдан бері Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы іске қосылған. Мамандар заң талаптарына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және әлеуметтік қолдаулар көрсетеді.
Биылдан бастап Әлеуметік Кодекс аясында “қандас” мәртебесін берудің жаңа тәсілі енгізілді. Құжаттар еліміздің шет мемлекеттердегі өкілдіктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша қабылданатын болады. Этникалық қазақтарға елімізде еңбек етуге және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретін «Ата жолы» картасы жүзеге асырылуда. Карта елге кіру үшін ұзақ мерзімді виза алу құқығымен беріледі.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (73,5%) Өзбекстаннан, 11,8% – Қытайдан, 3,7% – Түрікменстаннан, 3,1% – Моңғолиядан және 8,1% басқа елдерден. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нұр-Сұлтан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды.
Алыс-жақын шетелдерден көшіп келген тұрғындар «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығында 6 ай бойы мемлекеттік тілді үйреніп, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары бойынша көмектер алады. Осындай бейімдеу қызметтері қазір 50 шақты мүшесі бар 18 отбасыға көрсетілуде, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы Шымкент қаласы, Абай даңғылы 3Г мекенжайында орналасқан.
Шымкентте жыл басынан 766 отбасы тарихи отанына оралып, 1 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды. 6 айға қандас мәртебесін ұзартқандар саны 47 отбасынан 62 адамды құраған. Қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы […]
Пікір қалдыру