32 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Жыл басынан бері 32 көпқабатты тұрғын үйдің 11-де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалған ғимараттар ағымдағы жөндеуден өткізілді. Құрылыс кезінде үйлердің шатыры жөнделіп, жертөледегі кәріз жүйелері жаңартылды, әрлеу-сырлау жұмыстары атқарылды.
Қазір Нұрсәт тұрғын алабындағы №56,89 және Нұрсат шағын ауданындағы №216 коммуналдық меншіктегі көппәтерлі тұрғын үйлердің жедел сатыларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін 16 көппәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын меншік иелерінің келісімімен қайтарымды негізде бюджеттік кредит есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда 11 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Ал 4 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын модернизациялау бағдарламасы бойынша жыл сайын тұрғындардың келісімімен көп қабатты тұрғын үйлер жөндеуден өтеді. Көп қабатты тұрғын үйлерді кұрделі жөндеу ҚР Үкіметінің Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы негізінде қолданылады.

Тұрғын үй қорын модернизация бағдарламасының мақсаты – Шымкент қаласындағы авариялық тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету. Сондай-ақ, азаматтардың өмір сүру ортасын жаңарту және қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасау.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында 2029 жылға дейін тозығы жеткен 1500 тұрғын үйді бұзып, орнына көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын салу және оны үй иелеріне жаңа пәтерлерді табыстау тапсырылған.

Осыған орай Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы енгізілген.  Реновация — тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүріп, орнына жаңа тұрғын үй салу бағдарламасы. Шымкент қаласында 2 мыңнан астам көп пәтерлі тұрғын үй бар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*