ОБЫР АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қалалық онкологиялық орталығында ұйкы безі, тері, сүт безі, өкпе обырларының алдын алуға бағытталған баспасөз мәслихаты өтті. Орталық дәрігерлері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға жауапты мамандар обыр ауруларын емдеуде жаңа әдістерді және алдын алу жолдарын баяндады.
Мақсат – ауруды бастапқы кезеңде анықтап, тез арада емдеу жұмыстарын атқару болып табылады. Халықтың өмір сүру жасын ұзарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жиында обыр ауруларымен күрес шараларымен қатар тақырып аясындағы тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Айта кетейік, орталықта профилактикалық мақсатта ұйымдастырылып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде қазір ауруды алдын алу, зардабын жоюда нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
Жалпы, Обыр (рак) – түрлі ағзаларда қатерлі ісіктердің пайда болуымен байланысты туындайтын аурулардың тұтас спектрінің жалпы атауы. Соның ішінде ауру түрлері мен оны емдеу әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Көбінесе ем аурудың қай сатыда диагностика жасалуына байланысты болып келеді. Басқа ауруларда кездесетіндей ауруды асқындырып алған жағдайдайда емдеу қиынға соғады. Соңғы жылдары онкологиялық аурулардың жасару бағытын байқай отырып, әрбір адам үшін алдын-ала тексерілу мен үнемі медициналық қаралудан өтіп тұру қажеттілігі сөз етуге тұрарлық жағдай. Обыр ауруының 80-90% жағдайлары қоршаған ортаның себептері деп саналады; қоршаған орта анықтамасы өзінің кең мағынасында әлі де аз зерттелген тамақ өнімдерінен, әлеуметтік және мәдени іс-әрекеттен құралады. Алдын алуға болатындай обыр ауруының себептері толық анықтала қойған жоқ, дегенмен ауыратындардың жартысына жуығында ондай себептердің барлығына болжам жасалған. Обыр ауруының үлесі: тамақтану сипатының 30-35%-нан, темекі тартатындардың 30%-нан, жұқпалы (вирустық) агенттердің 17%-нан, алкогольдің 4%-нан, қоршаған ортаның ластануының 2%-нан, ауыр тұқым қуалау салдарының 2%-нан тұрады. Осы факторлардың әсерін тұтас қарастыру қажет. Күн сайын алдын-алу негіздерін, жалқаулық пен қол тимеудің салдарынан біз өзіміздің денсаулығымызды тәуекелге тігіп жүрміз. Обырдың алдын-алуға болатын ауру екендігі жайлы бірсыпыра бұлжытпас дәлелдер бар. Есте ұстаңыз, ауруды емдеуге қарағанда алдын-алу оңай!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*