Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі басталды. Мұнда химия, машина, тамақ жасау, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, жиһаз, ойыншық, агро өнім, құрылыс материалдары мен су сүзгілерін шығаратын басқа да жалпы 70-тен астам кәсіпорын өз өнімдерін ұсынып отыр.
Көрменің ашылу салтанатына қала басшысы Ғабит Сыздықбеков қатысып, Шымкенттен шығатын өнім түрлерімен танысып шықты.
Мегаполисте жұмыс істеп тұрған екі мыңға жуық өнеркәсіп бар, оның 69 ірі және орта өндіріс ошақтарына жатады. Қаладағы кәсіпорындардың 80% өңдеуші өнеркәсіпті дамытуда. Көрмеге қойылғандардың арасында «Рахат-Шымкент» ЖШС, «ВИЗиТ» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Шымкент-Кашемир» ЖШС, «КазИталКожа» ЖШС, «Medcomfort», «Viva Mebel» ЖШС, «ECOPHARM Family Group» ЖШС, «Вакуматик» ЖШС, «Спектр», «Danico» тігін цехы, «Amanat Eco Group» ЖШС және басқа қаланың танымал компаниялары да бар.
Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат — жергілікті тауар өндірушілерін қолдау, оларды халыққа кеңінен таныстыру және тауарлардың өткізу нарығын кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру. Шымкент өнімдері қойылған көрме екі күнге созылады.
Көрме негізінен – нарықтарын кеңейту мақсатында қала тұрғындарын, ұйымдары мен мекемелерін жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру.
Іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылды: мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Экспозицияда тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорын ұсынылады.
Қаламызда жылына 200 мыңнан астам ойыншық өнімдері өндіріледі. Бүгінде бұл бағытта үш кәсіпорын іске қосылған. Өндіретін өнім көлемі бойынша ауқымдысы – «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан пластикалық ойыншықтар шығаратын кәсіпорын. 2016 жылы қолға алынған 33,5 млн. […]
Пікір қалдыру