БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ: МАҒАН БІЗДЕГІ ТЕАТР МЕКТЕБІ ҰНАМАЙДЫ

Әйгілі продюсер Баян Мақсатқызы көпшілік назарына өзінің жаңа «Сакура. Иц май лайф» атты кинотуындысын ұсынды. Бүгінде еліміздегі кинотетрларда көрсетіліп жатқан аталмыш фильмде басты рөлдердің бірін продюсердің туған жиені сомдаған. Осыған қатысты Баян Мақсатқызы «Замандас» подкастына қонаққа келіп,  не себепті туысына басты рөлді бергенін түсіндіріп берді.

«Маған кастинг директор Сакурадан басқа барлық рөлді сомдаушы қыз-жігіттерді тапқанын айтты. Алғашқы маусымда  Сакура деген кейіпкердің рөлі аз ғана болатын. Сондықтан мен Сакураның рөліне жаңа есім табу қажеттігін айттым. Мен жалпы жаңа есімдерді жарыққа шығарғанды ұнатамын. Сол себепті жаңа адамдарды іздеймін. Және де барынша актер еместерді қарастырамын. Маған біздегі театр мектебі ұнамайды. Олардың тетралды ойындары маған ұнамайды. Сол себепті менің фильмдерімнің басты рөлдерін сомдайтындардың дені актерлыққа оқымаған»,- деді ол.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*