Бұл жөнінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков өзінің әлжелідегі парақшасында жазды.
«Басрақмаға қарасты ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы АИТВ-ның алдын алу, күту және емдеу бойынша халықтың негізгі топтары мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығы бойынша елімізде үздік үштікке енді. Үздік атанған мекемені ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы марараттап,алғысын білдірді.
Сондай-ақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша Шымкенттегі ЖИТС орталықтарының қызметін бағалаудың жоғары рейтингтік көрсеткіштері бойынша – Қазақстан Республикасындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі 20 орталықтың арасында 3-орынды иемденді.
«,- дейді ол өз жазбасында.
Қазіргі уақытта АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды тегін антиретровирустық терапиямен (АРТ) қамтуды арттыру мүмкін болды, аталған орталықтың аккредиттелген зертханасында инфекциядан кейін АИТВ-инфекциясын диагностикалау уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін 4-буынды жоғары сезімтал тест-жүйелерін пайдалана отырып, жалпы халықты және халықтың негізгі топтарын АИТВ-ға тестілеу, халық арасында мемлекеттік және халықаралық стандарттар ұсынымдарына сәйкес жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. ЖИТС орталығы жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсауды, сондай-ақ АИТВ-мен байланысты стигма мен кемсітушілікті азайту бойынша жұмысты жалғасып жатыр екен.
Шымкент қаласының Әділет департаменті бүлдіршіндерді 1-маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады. Нақты айтқанда, жалғызбасты, көпбалалы аналарға және олардың перзенттеріне азық-түлік пен ойыншықтар сыйға тартты. Әсіресе, жауапсыз әкеден алимент өндіре алмай жүрген ана мен баланы […]
«Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжановтың басшылығымен салалық кәсіподақтары аумақтық құрылымдары өкілдерінің кезектен тыс Үйлестіру кеңесі отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы кезекті аралау барысында бірқатар нысандарда болып, жұмыс барысын бақылады. Ең алдымен, шаһар басшысы Шымкент Сити шағынауданындағы жол құрылысын, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Изенді көшесіндегі күрделі жөндеу жұмысын, […]
Пікір қалдыру