ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ШАРДАРАҒА 10 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛМАҚ

Шардара ауданына жыл соңына дейін 10 миллиард теңгенің инвестициясын тарту жоспарланып отыр. Бұл қомақты қаржыға 15 жоба жүзеге асырылады екен.

Олардың ішінде ең ірісі  «Казкрахмал» ЖШС-нің жүгері зауыты болмақ. Құны 7 миллиардты құрайтын өндіріс орнында 50 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады деп күтіліп отыр.

Мұнан өзге, өзіндік құны 500 миллионды құрайтын  «Нұрсила» жиһаз шығару цехы мен «Шебер» тігін фабрикасында  100 адамдық жұмыс орны ашылмақ.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Шардарада негізгі каптиалға тартылған инвестиция көлемі 4,7 миллиард теңгені құрап, жоспар 106,6 паызға орындалғанын айта кету қажет.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*