САУРАН: ШАҒЫН БИЗНЕС ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында: соңғы жылдардағы қабылдаған шаралардың арқасында шағын және ірі кәсіпкерлік дами бастады. Ал, орта кәсіпкерліктің дамуы сәл бәсеңдеу. Жаңа экономикалық үлгіг көшу үшін «қолмен көтеруге» тура келеді. Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан орта кәсіптер көп емес. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет.

Осы орайда Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлікке жақынырақ тоқталсақ. Бүгінде ауданда екі қолға бір күрек ұстап, кәсіптің басын құрап жүрген азаматтардың саны артып келеді. Аз уақыт ішінде олардың саны 7 мыңға жуықтаған. Басқа аудандарға қарағанда жұмыс сапасы байқалады.

Жұмыспен қамтылғандар саны осы салада  жұмыс істейтін адамдардың саны 9286 адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,8 пайызға артты.  Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген 7-8% несиемен қамтамасыз етілді. Атап айтар болсам банк несиелерін субсидиялау бойынша 19 жобаға 1 990,5  млн.теңге жұмсалды. Банк несиелерін кепілдендіру бойынша 11 жобаға 625,2 млн.теңге бөлінді.Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5% несиелендіру бойынша «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 191 адам 1 267,3  млн.теңге несие алған.

Жоғарыда келтірілген мысалдар мемлекеттен кәсіпкерлерге көрсеткен жеңілдігі. Ел экономикасының тұрақты және ұдайы өсуінің негізі де сол мемлекеттің кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауында болып отыр.

Маңызды мәселе – кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы. Билік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет.  Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекетке қатысты істер туралы болып отыр. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет. Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған.  Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе».

Кәсіпкерлерге, орта және шағын бизнес өкілдеріне Мемлекет барынша қолайлы жағдайлар жасаса, елді дамуына іскер қауымның сіңіретін еңбегі зор. Мұны небәрі үш жылда ғана Сауран ауданы кәсіпкерлерінің атқарып жатқан қыруар жұмыстарынан көруге болады.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*