Ордабасы ауданында кей салаларда жұмыстың жүйесіздігі байқалады. Өйткені, бәзбір көрсеткіштер жылдық жоспарға сай емес. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.
Мәселен, ауылшаруашылығының өнім көлемін биыл 83 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған. Астана бекіткен бұл жоспар облыс әкімінің жіті бақылауында. Алайда Дархан Амангелдіұлының айтуынша, 6 айда жоспар 15 миллиард теңгеге ғана орындалыпты.
«Бұл дегеніңіз жоспар 18 пайызға ғана орындалған. Алда 6 ай ғана қалды. Мұның бәрін қалай орындамақшы? Әйтпесе, статистикаға енбей қалған ақпараттар болса, соның бәрін түгелдеп тарту қажет»,- деп бітірді ойын облыс әкімі.
Яғни, аудан әкімі Азат Оралбаевтың 6 айда жоспарлы жұмыстың 82 пайызын орындай алмайтынына көзі жетсе де, көпшілік алдында өзін алдарқатқандай болды.
Азат Әбдіғалиұлының атқара алмай отырған шаруасы мұнымен бітсе, шүкір деуге болар еді. Бірақ, биыл аулшаруашылығының негізгі капиталына 15 миллиард теңге тарту жоспарланса, 6 айда 6-ақ миллиард тартылыпты. Жарты жыл өтті, дегенмен жоспардың жарымы да орындалмай отыр.
Өкінішке орай, Оралбаевтың облыс әкіміне дайындаған «тосын сыйлары» мұнымен бітпейді. Бұданда сорақы салалар бар. Нақтырақ айтсақ, тамақ өнеркәсібінің негізгі каптиалына 2024-жылы 294 миллион теңге инвестиция тарту көзделген. Бүгінгі таңда, яғни 6 айда бұл бағытқа мүлде инвестиция тартылмаған. Демек, аудан әкімі жоспарды орындау қажет деп таппаған болса керек. Ел президенті Тоқаев айтпақшы, мұдайды «саботаж» дейді.
Айта кетейік, бұл мағлұматты оқығанда облыс әкімінің түрі бұзылып, (шамада айтарға сөз таппады-ау) біраз үнсіз отырып қалды.
Пы.Сы: Мұнан соң Оралбаев орнынан кетпесе, облыста «күлшелі балалардың» саны артып келеді деп білеміз.
Пікір қалдыру