15 МЫҢ ТОННА АСТЫҚ ЖИНАУ ЖОСПАРДА: САУРАН АУДАНЫНДА ЕГІН ОРАҒЫ БАСТАЛДЫ.

Сауран ауданында  егін орағы басталды. Биыл ауданда 43 мың гектардан астам аумаққа астық дақылдары егілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
 Оның ішінде, астық дақылдар 4288 гектарды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,7%-ға артып отыр.
Түркістан облысында егін алқаптарының көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Бұл – өңірде мемлекеттік бағдарламалардың сәтті жүзеге асуының нәтижесі.
Бүгінде аудан көлемінде астық дақылдарының 87%, яғни, 3734 гектар жерге егілген бидай орылды. Орташа өнімділігі 30 центнерді құрады. Нәтижесінде, 12 480 тонна өнім жиналды. Осылайша, диқандар шілде айының соңына дейін астықты толығымен орып, 15 мың тонна өнім алуды жоспарлап отыр.
Шаруалар жиналған өнімнің бір бөлігін 2025 жылы егілетін астық дақылдарының тұқымына қалдырмақ. Қалған бөлігін мал азығына және аудан тұрғындарының қажеттілігіне сатылымға шығарады.
Облыста астық ору науқаны қызу жүргізіліп жатыр.
Биыл Түркістан облысында 590 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал, жыл соңына дейін өңірде 4,1 млн тонна мал азығын жинау жоспарланған. Бүгінде оның 3,5 млн тоннасы дайын дейді мамандар.
Жалпы, Сауран ауданы ауылшаруашылық, оның ішінде дақылдар егістігі жолға қойылған. Былтырғы жылы аталған саланың негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 8 айдың қорытындысымен 3 миллиард  973 миллион  теңгеге жеткіндігін айтты. Сонымен қатар, былтыр 44 080 гектар жер игерілген,
Айта кетерлігі, 44 080 гектар жердің 11 666 гектарына шаруалар мақта еккен. Ал, аудан бойынша жылыжай өсіруді 12 гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі таңда бұл меже 100 пайызға толық орындалған.
Авторы: Бексұлтан Орынбасар

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*