Бүгінгі таңда Отырар ауданындағы отыз жеті елдімекеннің отыз төрті орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ал ауыз суға қол жеткізе алмай отырған Бестам, Сырдария, Ақкөл елдімекендері екен.Бұл жөнінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай хабарлады.
Аудан әкімінің айтуынша, қазіргі таңда Бестам елдімекеніне ауыз су жүйесін тарту жұмыстары аяқталған екен. Қазірде құрылыс жұмыстарының сапасы тексеріліп, қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Тамыз айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Сырдария елдімекенінде болса, геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Тіпті, жобалық сметасы былтырғы жылы әзірленіп қойған екен. Жобаның құны үш жүз алпыс миллион миллион теңге деп бағаланған. Бүгінде республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша тиісті ұсыныстар жолданған. Қаржы көздері қаралса, биыл-ақ құрылыс жұмыстары басталмақ.
Ал Ақкөл елдімекенінде геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша энергетика басқармасы байқау ұйымдастырған. Қазіргі күнде мердігер мекеме анықталып, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Геологиялық зерттеу жұмыстардың қортындысы жақын арада мәлім болса, жыл соңына дейін жобалық сметалық құжаттарды дайындау көзделуде. Келер жылы құрылыс жұмыстарын бастап, ауыз су жүйесін пайдалануға беру жағы да қаралып отыр. Аудан басшысының айтуынша, егер бәрі жоспар бойынша орындалса, келер жылы ауыз сумен қамтылған ауылдар санын 100 пайызға жеткізуге болады екен.
Мұнан өзге 2021-2023 жылдар аралығында Отырар ауданындағы жиырма бір елдімекенге газдандыру жұмыстары жүргізілген. Арлыының да құрылысы аяқталып, орталықтандырылған көгілдір отынға қосылған. Қазіргі таңда сол 21 ауылдағы 6168 тұрғын үйге тұрқты түрде табиғи газ беріліп жатыр. Яғни, аудан халқының жетпіс бір пайызы газбен қамтылып отыр.
Бұдан бөлек, Сырдария өзенінің батыс бөлігінде орналасқан он екі елдімекенді газбен қамту бойынша жобалық сметалық құжаттар жасалып, сараптама қорытындысы алынған. Тіпті газды жеткізгіш жүйенің жобасы да аяқталған. Күзге қарай сол он екі елдімекенді газдандыруға республикалық бюджеттен қаржы алу үшін ұсыныстар жолданатын болады.
Сонымен қатар, аудандағы егіз жүз алпыс үш шақырым жолдың, алпыс үш пайызы қанағаттанарлық деңгейде.
«Бүгінде КХА-190 Шәуідір-Түркістан-Төрткүл автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны өздеріңізге мәлім. Одан басқа «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 7 көше, жергілікті қазынадан 8 жөндеуге қаржы бөлініп отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталса, аудандағы қанағаттанарлық жолдар сексен пайызға жеткелі тұр»,- дейді аудан әкімі.
Және де, Отырардағы жеті елдімекенге биыл балалар ойын алаңшасын салу жоспарланып отыр. Тағы сегіз елдімекенге болса, ағымдағы жылы спорт алаңшалары салынатын болады. Аудандағы төрт көшеге үстіміздегі жылы аяқжол салу жоспарланған. Қазіргі таңда ол аяқжолдардың да құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр екен.
Пікір қалдыру